Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

ОТБАСЫ КҮНІ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА АТАП ӨТІЛДІ

фото:ашықдереккөз

Қазақ үшін «отбасы» ұғымыныың мән-маңызы зор. «Отан отбасынан басталатынын» әрбір ұрпақ жастайынан бойына сіңіріп, оның құндылықтарын насихаттай бастайды. Мәдениет министрлігі Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын ұсынған еді. Осылайша, 2-8 қыркүйек аралығында елімізде отбасылық дәстүр, неке және ұрпақты болу денсаулығына арналған апталық өтті. Бұл шара тікелей Отбасы күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

«Бүгінде отбасы мен некенің позитивті имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, қарт ата-ананың балаларына қамқорлық көрсету – мемлекеттік маңызы бар міндет», – деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Қыркүйектің 2-сі мен 8-і аралығындағы әрбір дата белгілі бір тақырыпта – отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық бос уақыт аясында өтті.

«Қазақ отбасылары» ұлттық баяндамасындағы социологиялық зерттеулерге сәйкес респонденттердің 62,7%-ы қамқорлық, өзара сыйластық және қолдау отбасындағы басты нәрсе деп санайды. Одан кейін махаббат (43,2%) және балалар (38,7%).

Сондай-ақ, зерттеу барысында еңбексүйгіштік, адалдық, үлкенді сыйлау қазақ балаларының бойына сіңіруге тырысатын басты құндылықтар екені анықталды. Бұған дейін Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге қоғамда отбасылық құндылықтарды тәрбиелеуге баса назар аударуды тапсырған болатын. Осылайша, Мәдениет министрлігі журналистер өз материалдарында «жалпыға ортақ, мәдени, ұлттық және отбасылық» құндылықтарды бұзбауы үшін қазақстандық БАҚ-қа мониторинг жүргізгісі келеді. Бұл норма «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңда көрсетілген.

Ал Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы Астанадағы қыз-келіншектерге арналған «Қызым, саған айтам» атты зияткерлік курс ұйымдастырды. 12 мен 20 жас аралығындағы қыздарға қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары, бауырсақ пісіру, қолөнер бұйымдары, дастархан жайылған.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Актриса Лидия Ашрапова дүниеден өтті

admin_altyalash

Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді

admin_altyalash