фото:ашықдереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі және болашақтағы табысты, инновациялық экономиканың кепілі ретінде еліміздің әлеуетін барлық салаларда білікті кадрлармен дәйекті қамтамасыз етуге шақырды. Тұрақты даму және болашақтың міндеттері Бірнеше ондаған жылдар бойы саяси, әлеуметтік-экономикалық формация саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген жас тәуелсіз мемлекеттің прогрессивті, тұрақты дамуы жалғасуда.
«Елдің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттыру маңызды. Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету – ең өзекті міндет. Бізге ең алдымен сала мамандарының: су шаруашылығының, құрылысшылардың, энергетиктердің және тағы басқалардың өткір тапшылығын жою керек. Сондай-ақ болашақтың мамандықтары бойынша мамандар даярлауды да айтып отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Білім беруді және университеттерді дамыту Кадрларды жақсырақ дайындауды қамтамасыз ету үшін Президент Тоқаев елімізде сапалы шетелдік жоғары оқу орындарының бірқатар филиалдарының ашылуына назар аударды.
«Үкімет жоғары білімді интернационалдандыруда – елімізге 23 танымал шетелдік университет тартылды. Олардың қызметіне, оның ішінде мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңімен кеңейту арқылы жан-жақты көмек көрсету қажет», – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқытушылар мен ғалымдарға ғылыми гранттар мен шетелдік ғылыми тағылымдамадан нақты қайтарым қажет екенін айтты. Инновациялық саясатты елдің ғылыми-техникалық басымдықтарымен үндестіру қажет. Бұл салалық инновацияларға серпін береді және университеттердегі қолданбалы ғылымның әлеуетін ашатыны сөзсіз.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz
