Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

Француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды

Париж қаласында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды,-деп хабарлайды altyalash.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Концерт Багатель саябағындағы жылыжайда ұйымдастырылды. Париж жұртшылығы музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады.

Ансамбль қазақстандық және түркі композиторларының шығармаларын орындады. Концерт бағдарламасында Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Владимир Стригоцкий-Пак, Алмас Серкебаев және Хабибулла Сетековтың туындылары болды.

Іс-шараны Париж ботаникалық бағының кураторы мен Париж мэриясы ұйымдастырды. Сонымен қатар, Багатель ботаникалық бағының 10 жылдық мерейтойына орай Ботаника және фитоинтродукция институтында өсірілген Қазақстан өсімдіктерінің үлгілері сыйға тартылды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтың тазысы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

admin_altyalash

Ана тілінің – отбасыдағы рөлі

admin_altyalash

Сарсаңға салған субсидия

admin_altyalash