Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді

21.10.2024
0
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді

Қолдан тоқылған кілемдер, жемістер мен көкөністер, жаңғақтар, шафран шайы, антиквариат, құрылыс материалдары, асыл тастар, кондитерлік өнімдер және басқа да көптеген дәстүрлі ауған тауарлары Атакент-Экспо көрме кешенінде ұсынылды,  – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

Бұл  – Қазақстанда өткізіліп жатқан дәстүрлі ауған өнімдерінің екінші көрмесі, оны Сауда және интеграция министрлігі мен Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараның ашылуына вице-премьер Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи қатысты.

Алматыда ұйымдастырылған көрменің ауқымы 2023 жылы Астанада өткен көрмеден екі есе үлкен: Атакент-Экспо көрме кешенінің 1 024 шаршы метр аумағында 80-нен астам ауған компанияларының және ауған бизнес-қоғамдастығының 150-ден астам өкілі өз тауарларын ұсынды. Айта кететін жайт, көрмеге The First Microfinance Bank, Islamic Bank of Afghanistan, Ghazanfar Bank өкілдері қатысып жатыр.

«Қазақстан Ауғанстанды Оңтүстік және Орталық Азиядағы маңызды әрі ажырамас серіктес ретінде қарастырады. Ғаламдық дағдарыстарға қарамастан, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді. Қазақстан өз өнімін ауған нарығына шығарумен ғана шектелмей, ауған тауарларының да қазақстандық нарыққа шығуына жәрдемдесіп келеді», – деп атап өтті Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин.

Haidar Rafat LTD  компаниясының иесі Абдул Басир Қазақстанға алғаш рет келді. Ол көрмеде ұлттық әшекей бұйымдарының, мыс құмыраларының және антиквариат коллекциясын ұсынды.

«Мен Қазақстанға көне бұйымдар әкелдім, олардың ішінде сатылымға қойылған ең көне экспонаттардың бірі антиквариаттың халықаралық сертификатына ие», – деп бөлісті Абдул Басир.

Ол Қазақстан мұражайларымен ынтымақтастыққа үміттеніп, елдер арасындағы мәдени мұраны алмасудың және дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Фереба Насери, компания директоры және Ауғанстандағы Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы, көрмеде табиғи шикізаттан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Оның айтуынша, Алматыдағы көрмеге 12 шебер әйел келді. Олардың қолдан жасалған бұйымдары Ауғанстанда да, шетелде де үлкен сұранысқа ие. Ауған шеберлерінің бұйымдары Германия, Франция және Америкада танылып, ол жақта олардың өнімдерін ілгерілетумен айналысатын өкілдіктер бар. Фереба Насери алматылық көрме аясында жергілікті кәсіпкер әйелдермен байланыс орнатып, одан әрі ынтымақтастық орнатады деп үміттенеді.

Алматыдағы дәстүрлі ауған тауарларының көрмесі 2024 жылдың 20-22 қазан аралығында өтеді. 22 қазанда Алматыда Қазақстан-Ауған бизнес-форумы өтеді, оның аясында қатысушылар B2B кездесулерінде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.