Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарРуханият

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

фото:Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын.Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркияның оңтүстік-шығысында жаппай тәртіпсіздік орнады

admin_altyalash

Орманға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталды

admin_altyalash

Алматыда сандықтар көрмесі өтіп жатыр

admin_altyalash