Ескерткіш орнату жарыс болып кетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ескерткіш орнату жарыс болып кетті

18.11.2024
0
Ескерткіш орнату жарыс болып кетті
фото: ашық дереккөз
Егер мұны ретке келтірмесек, онда тағы да берекесіздік болады.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Qazaqstan» телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында соңғы жылдары кейбір елді мекендерде ескерткіштерді орнату бойынша «жарыс» өтетініне назар аударып, бұл жұмыстарды орталықтандыру қажет екендігіне тоқталды, – деп жазады altyalash.kz Dalanews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Мемкеңесшінің атап өткеніндей соңғы жылдары бұл салада бір-бірімен жарысу, бей-берекет шешімдер қабылдау көбейген.

Ерлан Қарин бұл жағдайды тоқтату үшін ескерткіштерді орнатуды министрлік деңгейіндегі комиссияның келісімімен және бекітілген стандарттарға сай жүргізу қажет екенін айтты.

«Кейбір ауылдарда, елді мекендерде тіпті бір-бірімен жарысатындар бар. Қайсысының ата-бабасына ескерткіш қалай қойылды, тіпті оның биіктігімен жарысатын үрдіс пайда болды. Бір жерде 4 метр ескерткіш тұрса, сол аудандағы екінші бір ескерткішті жарысып 5 метр қылып қояды, тіпті бізге соңғы келген бір эскиздердің биіктігі 8 метрден асып кеткен. Мұны тоқтату керек», – деді ол «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында.

Қариннің айтуынша соңғы кезде жергілікті атқарушы билік пен министрліктің комиссиясынан өтпей, мақұлдамай, ақылдаспай бірден ескеркішті құрып қоятын жағдайлар жиілеп кеткен. Тіпті, «ескерткіш дайын тұр, осыны орнату керек» деп талап қоятындар да бар.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 1000-нан аса ескерткіш орнатылған. Бұл Кеңес Одағы кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе артық. Ескерткіш орнату жарыс болып кетті. Егер мұны ретке келтірмесек, онда тағы да берекесіздік болады.

Осыған байланысты әр ескерткіштің көркемдік және мән-мағыналық жағы басты назарға алынады. Жақында орнатылған Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев ескерткіштері халықтың оң бағасын алғаны осы талаптардың нәтижесі деуге болады», – деді Мемлекеттік кеңесші.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

JOLTAP жобасы ұсынатын курстардың өз дәрежесі бар

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.