Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Базарда соққыға жығып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

Фото: видеодан скрин
Атыраудағы “Дина” базарында 56 жастағы ер адамды соққыға жығып өлтірген Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға жарты жыл бұрын болған. “Газель” көлігінің жүргізушісі абайсызда жеңіл көлікті сырып алады. “Мерседес” маркалы көлік иесі ашуға булығып, 56 жастағы Амандық Сағынғалиевті көпшіліктің көзінше қуып жүріп ұрады. Ақырында тұрғын ауыр жарақаттан емдеу мекемесінде көз жұмған.

Марқұмның артында жары, төрт баласы мен бес немересі қалды.

Мұхтар Ахмедовты сот 8 жылға соттап, жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады

admin_altyalash

Бұйрық жобасы балалардың барлық санаттары үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

admin_altyalash