Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыДенсаулықЖаңалықтар

Жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі

Теріарқылы коронарлық араласу (ТКА) — жүрекке қан жеткізетін коронарлық артерияларды ашу немесе қалпына келтіру үшін тері арқылы жасалатын хирургиялық әдіс. Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Орталықта 34 ота жасалынды. Оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентирование) қойылып, 19 науқасқа коронография жасалды. Бұл орталықта бір профессор, бір интервенционный кардиолог,кардио реаниматолог, төрт орта
буын қызметкері жұмыс істейді.

Жылыойда ашылған орталықтың басты ерекшелігі — осы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда да тұрғындарға ұсыну.

Орталықтың ашылуы жүрек ауруларының алдын алу мен емдеуді жеңілдетіп, уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі хирургиялық араласуларды жергілікті жерде жүргізу аурудың асқынуын болдырмауға, науқастарды көшіру кезінде болатын қауіптерді азайтуға септігін тигізеді.

Орталық заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда ангиограф, дефибриллятор, кардиомонитор және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде кедергіні еңсергендер бар

admin_altyalash

Қарашадан бастап вакциналау үшін балаларды отбасынан тартып алуға мүмкіндік беретін заң шығады – Фейк

admin_altyalash

БРЕНДТІ ӨНІМДЕРГЕ БЕТ БҰРУ КЕРЕК

admin_altyalash