Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарДенсаулықЖаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА БУЫН ЗЕРТХАНАСЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Алматыда Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірге И. Жекенова атындағы инфекциялық аурулар ауруханасының жоғары технологиялық зертханасының жұмысымен танысты.

Аумағы 2 480 шаршы метрді құрайтын кешен тәулігіне 15 мыңға дейін биологиялық сынаманы өңдеуге және жылына 5 млн-ға дейін зерттеу жүргізуге қауқарлы.

Зертхананың негізгі технологиялық шешімі – жасанды интеллект элементтері енгізілген автоматтандырылған трек-жүйе. Ол биоматериалды қабылдау мен сұрыптаудан бастап, зерттеулер жүргізу және нәтижелерді жолдауға дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Автоматтандыру қолмен орындалатын операциялардың санын азайтып, адам факторын барынша төмендетеді, диагностика үдерісін жеделдетеді және биологиялық қауіпсіздікті арттырады.

Зертхана қызметі диагностиканың тиімділігін арттыруға, зерттеу нәтижелерін алу мерзімін қысқартуға және Алматы қаласының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кешен бес негізгі бағытты қамтиды: автоматтандырылған зертхана,иммуноферменттік талдау (ИФТ), полимеразды тізбекті реакция (ПТР), микробиология,паразитологиялық зерттеулер.

Сонымен қатар қатысушыларға қаланың медициналық ұйымдарымен деректер алмасуға арналған цифрлық жүйе, биоматериалды орталықтандырылған тасымалдау үдерісі және зерттеулер сапасын бақылау жүйесі таныстырылды.
Мұндай технологияларды енгізу зертханалық зерттеулерді орталықтандыруға, ресурстарды оңтайландыруға және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алматының бұл тәжірибесі Қазақстан өңірлерінде зертханалық қызметті дамытуға арналған перспективалы үлгі ретінде қарастырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Азия ойындары: қоржынымызда – 1 күміс, 3 қола

admin_altyalash

ЭКСПОРТ: ҚАЗАҚСТАН МЕН НИДЕРЛАНДЫ БАЙЛАНЫСЫ

admin_altyalash

21 мыңнан 1,9 млн-ға жетті: Киік бұдан былай жойылу алдында тұрған аң емес

admin_altyalash