Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында . Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.
«Әлемдік рейтингке сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізген 205 елдің ішінде Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында тұр және вакцинациямен қамту халық санының 41 пайызға жуығына жетті. ТМД елдері ішінде Қазақстан мен Әзербайжан ғана халықты вакцинациямен қамтуда 40 пайыздан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр», – деді министр.
Оның атап өтуінше, елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр.
«1-компонент 8,5 млн адам екпе алды. Екпе алуға тиісті халықты қамту 74 пайызды немесе халық санының 44,8 пайызын құрайды. 2-компонентпен шамамен 7,7 млн адам қамтылды», – деді Алексей Цой.