Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовостиСпорт

Оралда каратэ шито-рюден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Оралда «Жекпе-жек» спорт кешенінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында каратэ шито-рюден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, үш күнге созылған жарыс қорытындысында Маңғыстау облысының құрамасы 28 алтын, 16 күміс, 23 қола жүлдені жеңіп алды.

Байқоңыр қаласынан келген каратэшілер 11 алтын, 13 күміс, 13 қола медальға ие болды.

Ақмола облысы Щучинск қаласының спортшылары 7 алтын, 9 күміс, 12 қоламен қайтты.

Қызылордалықтар еншісінде — 7 алтын, 4 күміс, 15 қола жүлде.

Алматылықтар 7 алтын, 3 күміс, 9 қоланы қанжығасына байлады.

Ел біріншілігінде батысқазақстандықтар да құр қол қалған жоқ. Олар 5 алтын, 11 күміс, 12 қола жүлдені олжалады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда каратэ шито-рюден ҚР біріншілігінде 600-ге жуық спортшы бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Стартовал чемпионат области Жетісу по легкой атлетике

admin_altyalash

Одобрен План законопроектной работы Правительства на 2025 год

admin_altyalash

Глава государства встретился с молодыми учеными в здании Национальной академии наук

admin_altyalash