Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

«Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды

«Эйр Астана» әуе компаниясы Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды, деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 16 желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы — Дели — Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер орындауды бастайды.

«Рейстер А320 үлгісіндегі әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз», — делінген министрлікті Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Реактор на низкообогащенном урановом топливе запустили в Казахстане

admin_altyalash

Свидетельница по делу Шерзата Полата: Мужчина крикнул, что вытащит оружие и будет стрелять

admin_altyalash

Euronews в Астане и развитие медиаграмотности в Казахстане: ключевые события в информационной сфере

admin_altyalash