Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Шымкентте 3 мың бейнебақылау камерасы іске қосылды

Бүгін түнде сағат 00:00-ден бастап Шымкентте 3 117 «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Аталған камералар жылдамдықтың шектен асырылуын, жол ережесі талаптарын сақтамау, тоқтау сызығын басып өту, бағдаршамның жол жүруге тыйым салатын белгісіне өту секілді жайттарды тіркейді», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, былтыр қалаға 3 153 камера қойылған. Осылайша Шымкенттегі «Сергектің» саны 6 мыңнан асты. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1 889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған.

Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.

Ұқсас жаңалықтар

Алғыс айту күні: Ұлттық ұлан жауынгерлері бейнеқұттықтау жолдады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

admin_altyalash

Елордада «Серпер» ұлттық өнер байқауы қорытындыланды

admin_altyalash