Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарСпорт

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАН «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АТАНДЫ

Сыр елінің тумасы Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы – 2022» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Өткен жексенбіде 5 мыңға жуық спортшының арасынан іріктелген 36 «Қазақстан Барысы» елордада кездесті. Олардың ішінде аты әйгілі Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар. Кіл жүйріктер белдескен бәсекеде бас жүлде Мақсат Исағабыловқа бұйырғаны белгілі болды.
Финалдық белдесуде Қызылорда облысының балуаны Маңғыстау облысының намысын қорғаған Нұрдәулет Жарылғаповпен белдесті. Исағабылов бұл белдесуде 1 минут 52 секундта жеңді. Мақсаттың салмағы 120 келі болды. Ал оның қарсыласының салмағы 148 келі болған еді.
Мақсат Исағабылов – 1994 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.
Жеңімпазға ұйымдастырушылар 25 млн теңге, жеңімпаз белбеу және ауыспалы алтын тайтұяқ тағайындады.

Ұқсас жаңалықтар

Израильдегі жерлестерді алып қайту үшін ертең Алматыдан Тель-Авивке ұшақ шығады

admin_altyalash

Аймақ басшысы Сенат депутаттарымен кездесті

admin_altyalash

ҚР Президенті Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады

admin_altyalash