Ел тұтастығын айқындайтын тарихи шешім – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ел тұтастығын айқындайтын тарихи шешім

14.11.2022
0
Ел тұтастығын айқындайтын тарихи шешім

Білім күнімен тұспа-тұс келген жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім мен ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында күзде кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. Кейін 20 қараша президенттік сайлау өтеді деп бекітілді.
Сайлауға санаулы күндер қалды. Ел президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Қазір жер-жердегі штаб өкілдері сайлаушылармен кездесіп, кандидаттар да ел аралап жүр. Биылғы сайлау бұған дейінгі сайлаудан өзгерек болғалы тұр деп толық айта аламыз. Себебі бұл жолы біздегі сайлаудың ең көзге көрінетін тұсы – сайлаудың өтетіні туралы бір ай бұрын жарияланып, президент жарлыққа қол қойды.Осы қадам демократиялық қоғам құруға жасалған үлкен қадам мен ұмтылыс біздің еліміз үшін өте пайдалы болмақ. Бір айдың ішінде қоғам сайлау өтетінін әбден зерделеп, зерттеп, таразыдан, електен өткізеді. Мемлекет басшысы ретінде кімді көргісі келетінін сараптай алады. Сонымен қатар мемлекет басшысының президенттік мандатқа қатысты қабылдаған шешімі әділетті болды деп есептеймін. «Мемлекет басшысы Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», деген болатын.
Кезектен тыс сайлауды өткізу Қазақстанның тұтастығын, әлеуеттік жағдайын арттыруға мүмкіндік беретін елеулі шешім. Сайлау елімізді біріктіруге бағытталған. Бұл сайлау Конституциялық реформалардың қорытындыларын бекітіп, басқа салалардағы реформаларды жалғастыру және нығайту үшін қажетті уақыт пен сенім мандатын береді. Сонымен қатар алдағы реформалар әлеуметтік және экономикалық бағытты қамтитын айтулы оқиға болары анық.Елімізде өтетін айтулы оқиғаны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары мен студенттері талқылап өтті.Талқылау барысында студенттеріміз өз ойларын еркін түрде жеткізді.Еліміз үшін бірлік ауадай қажет. Алдағы сайлау халықтың жағдайын жақсартуға,өзгертулер енгізуге,ел тұтастығын нығайтуға бағытталған. Бүгінгі әлемде қалыптасқан жағдайды қаперге ала отырып, азаматтарымыз болашақтағы бағытымыз бен нақты жоспарымызды анық түсінуі қажет және алдағы сайлауда белсенді болулары азаматтық борыштары екенін айтып өтті.

Калымбетова Эльмира Кенесовна,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті

Баймолдина Лаура Оразбековна,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының PhD докторы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

NEET жастар деген кімдер?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

NEET санатындағы жастардың көбеюіне не себеп?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.