Шетелде білім алу: Мүмкіндік пен мүдде – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелде білім алу: Мүмкіндік пен мүдде

11.01.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Қазір елімізде 5,7 миллион жас бар. Олардың басым бөлігі шетелде білім алуды, саяхаттауды армандайды, мақсат қойғандары да бар. Тіпті соңғы жылдары Қазақстанда сырт­қы көші-қон толастамай тұр. Жалпы, жастар шетелге қалай шыға алады? Өзге елде олар үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Қазақстан жастарына шетелге шығуға бірінші мүм­кіндік – «Болашақ» бағдар­ламасы. Мем­лекеттің қаржы­лан­дыруы­мен жаһандағы дамыған, оқу-тоқуы жетілген елдерге барып, магис­тратура, резидентура, докторантура бойынша білім алуға, тағылымдамадан өтуге болады. Былтырдың өзін­де осы бағдарлама аясында қазақстандық жастар үшін 1055 стипендия бөлінген екен.

Нұрбану Темірбайқызы – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Ол «Қонақүй биз­несі» мамандығы бойынша Швей­царияның елінің Монтре қаласында магистратурада оқыған. Түлектің айтуынша, бағдарламаға құжат тапсы­ру үшін сіздің ағылшын тілі­нен халықаралық тестіңіз, өзіңіз­дің таңдаған оқу ордасына, мамандығына қажетті шекті балдан жоғары болуы қажет.

– Стипендия тағайындалған соң, мен әуелі Ұлыбританияда тілдік курста оқыдым. Кейін ма­мандығым бойынша Швей­царияда білімімді терең­детуді ұйғардым. Өйткені бұл ел қонақүй бизнесі бойынша оқытатын әлемдегі жетекші ел. Бастапқы кезде әрине әр елдің ортасына бейімделу оңай болған жоқ. Уақыт айырмашылығы, климат өзгешелігі қанша деген­мен әсер етеді. Оқу бағ­дар­ламасына бейімделген соң, универ­сите­тіміздің әр сен­бі немесе ай са­йын ұйымдасты­рылатын саяхаттарымен өз­ге қалаларға баратын болдым. Ескере кететін жайт, бағдар­ламамен оқуды аяқтап, елге келген соң, өңірлерде 5 жыл немесе ірі мегаполистерде 3 жыл жұмыс істеуіңіз міндетті, – деді Н.Темірбайқызы.

Сонымен қатар талабы тау­дай жастарға кез келген елде қолдау көрсететін Erasmus Mundus Joint Master Degrees халықаралық бағдарламасы бар. Стипендия көмегімен жастар екі елде оқуға мүмкіндік алады. Бағдарлама оқу ақысын, медициналық сақтан­дыруды, жолыңыз бен орнала­суыңызды толық өтейді.

Ал Chevening Scholarship халықаралық бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпіріндегі жастарға магистратура бойынша білім алуға ықпалдасады. Мұнда сіздің оқу, жол, диссер­тациялық жұмысыңызды қар­жы­ландырудан бөлек, тіпті виза алудағы шығыныңызды да өтеп береді. Бұған қоса ай сайынғы шәкіртақы қарастырылған.

Еуропада да білім қуып жүр­ген қазақ жастары көп. Әсі­ресе, Чехия, Аустрия, Германия, Мажарстан университеттері қазақ­стандық студенттердің жоғары сұранысына ие. Мәсе­лен, Аустрия мен Мажарстанда оқығыңыз келсе, Орталық Еуропа университеті ағылшын тілінде магистратура мен докторанту­ра бағдарламалары бойынша білім гранттарын ұсынады. Сондай-ақ Чехия елінде оқуға түсу үшін ҰБТ-ның нәтижесі қажет емес. Орта білім жөніндегі куәлік болса жеткілікті. Тек, чех тілін жетік меңгеру қажет. Бұған қоса бұл мемлекеттерде ғылыми зерт­теу жүргіземін деуші қазақ­стандықтарға да грант жетерлік.

Fulbright гранты АҚШ елі­нің университеттеріндегі оқу ақы­сын толығымен төлейді. Әрі ай сайынғы шәкіртақы, меди­циналық сақтандыру және жол жүру шығындары өтеледі. Бұл – білім саласындағы ең беделді бағ­дар­ламалардың бірі. Өйткені осы білім жүйесі арқылы Нобель және Пулитцер сыйлығының лауреаттары оқы­ған. Жалпы Fulbright 75 жыл бойы 300-ден астам түлекті түлеткен.

Қытай Халық Республикасы да қазақстандық жастардың білім алсам деген меселін қайтарып отырған жоқ. Бүгінде Қытай мемлекетінде шетелдік студенттер үшін бөлінетін білім гранттарына қол жеткізу жеңілдеу. Оның үстіне, құжат тапсыру да қиындық тудырмайды. Яғни талап­керлер интернет арқылы құжат­тарын қажетті оқу орнына жіберіп, Қытайдағы білім орда­ларының жауабын күтеді. Тек мұнда оқу үлгерімі жоғары талап­кердің қабылдану мүмкіндігі жоғары.

Сингапурдың білім беру жүйесі – әлемдегі ең озық үлгінің бірі. Мұнда оқудың өз артықшылығы бар. Біріншіден, білім алушылар ағылшын тілін жетік меңгеріп шығады. Екіншіден, оқытудың әлемдік стандарттарын және заманауи экономикалық талаптарды игереді.

Оңтүстік Корея үкіметі өзге ел азаматтары үшін арнайы Global Korea Scholarship бағ­дар­ламасын әзірлеген. Оның негі­зінде KOICA стипендиясы шетелдіктердің толық оқуын, екі бағытта ұшақ билетін өтейді. Сондай-ақ жатақхана, үш мезгіл тамақтану, экскурсиялар және медициналық сақтандыруды ұсы­нады. Корея халықаралық ын­тымақтастық агенттігінің мұн­дағы мақсаты – өз елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алатын дамушы елдердегі негізгі көшбасшыларды тарту.

Түркия мемлекеті де жас­тар үшін өте тиімді Turkiye Burslari атты мемлекеттік оқу грантта­ры жүйесін әзірлеген. 2012 жы­лы ашылған бағдарлама бакалавр, магистратура мен докторантура, сондай-ақ ғылыми ізденістерге де грант бөледі. Бұған әлемнің әр түкпірінен жыл са­йын жүз мыңнан аса адам өтініш береді. Олардың тек бес мыңы ғана білім алу үшін стипендия ұтып алады. Үміткерлердің арасында қазақстандықтар да көп. Стипендиаттарды тегін жатақ­хана мен тамақ, екі бағытқа әуе билеттері және медициналық сақтан­дырумен қамтамасыз етеді.

Алысқа барғанша, барға қана­ғат етіп, еліміздегі университеттерде де білім алып, 6 айға академиялық ұтқырлық бағ­дарламасымен шетел асуға болады. Осы игілікті ұтымды пай­даланғандардың бірі – Данара Жұмакенова. Қазір ол Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің 4-курс студенті.

– Түркия еліне баруды бала кезімнен армандадым. Отбасылық жағдайыма байланысты, бакалавр дәрежесімен оқуға бара алмадым. Бірақ академиялық ұтқырлық арқылы баруға болады дегенді естігенде мүмкіндігімді жібермеуге тырыстым. Ол кезде мен 3-курста оқитынмын. Түркия елінің Денизлі қаласындағы Памуккале университетінің мұғалімдеріне байланысқа шығып, құжаттарымды жинақтадым. Үй жағдайын, оқу мәселелерін алдын ала шешіп алдық. Сөйтіп осы уақытқа дейін оқыған түрік­шеммен қолдорбамды арқалап, 5 айға Түркияға бардым. Әрине, туған жеріңе жетпейді. Десек те мұндағы білім беру жүйесі ұнады. Ұстаздарымыз дәрістерін өз қалауынша, университет аула­сында, кафеде еркін форматта өткізе береді. Мен «түрік тілдес халықтардың тілдері» маман­дығы бойынша білім алдым. Сабақ барысында түркі тілдес елдердің мә­дениеті, әдебиеті, салт-дәс­тү­р­­­індегі ұқсастықтар мен айыр­машылықтарды тереңірек оқы­дық. Алдағы уақытта осы бағытта ғылыми жұмыс жазсам деген жос­парым бар. Дәрістен бөлек, студенттермен Түркияның Ыстан­бұл, Анталия, Измир, Мармарис, Тавас, Каппадокия сынды әсем қалаларына саяхаттадық. Жалпы, шетелде білім алу адамның ой-өрісін өзгертеді. Әрі өзін өзі жетілдіруге таптырмас мүмкіндік, – деді Данара Жұмакенова.

Жалпы, шетелде білім алудан бөлек, жастарға 2-6 айлық курс­тар, халықаралық конференциялар мен семинарларға да қатысуға болады. Мәселен, АҚШ-тың TechGirls атты бағдарламасы қыздар қауымына 25 күндік семинарларын ұсынады. Бағдарлама ғылымда, технологияда, инженерияда және математикада мансап құрғысы келетіндерге тереңірек білім алуға мүмкіндік береді. Әрі медициналық сақтандыруды, виза алу, тұрақжай, жол жүру шығындарын толық өтейді.

Бұған қоса Американың жас­тарға арналған Humphrey стипендиясы да бар. 10 айлық бағдарлама барлық шығындарыңызды то­лық өтейді. Тек ағылшын ті­лін жақсы меңгеруіңіз шарт. Сон­дай-ақ Гарвард та адам құ­қық­тары жөніндегі жазғы тағы­лымдамаларын ұсынады. Бағдар­лама қатысушыларға кәсіби және интеллектуалды тұрғыдан даму мүмкіндіктерін береді. АҚШ-тан тыс адам құқықтарымен айналысатын үкіметтік емес және үкіметаралық ұйымдармен кемін­де сегіз апта жұмыс істеуге болады.

Осы жылдың жазында Швей­царияның Лугано қаласында жаз­ғы саммит өтеді. Бұл іс-шараға 25-35 жас аралығындағы осы аймаққа қызығушылық танытатын жастар қатыса алады. Ұйым­дастырушылар оқу ақысын, тұра­ғын, жол жүру шығындарын жартылай немесе толығымен өтейді.

Жастардың талпынысы мен талабына, қабілет-қарымына сай шетелде білім алуға, саяхаттауға мүмкіндік мол. Тек білімнің көкжиегін кеңейту үшін жастар осы игілікті тиімді пайдалана алса игі. Ең бастысы, өзге мемлекетте алған білім-білігін жаңартып, туған елінің даму жолына арнайы алса, қажетті іске жарата білсе болғаны.

 

Зейін ЕРҒАЛИ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үздік алты жоба

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.