Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматыда автобустар соқтығысып, алты адам жарақат алды

Алматыда бүгін сағат 08.30-да екі автобус соқтығысты. Жол апаты әл-Фараби даңғылында Жароков көшесіне таяу маңда болды. Бұл туралы Aikyn.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong маркалы қоғамдық көліктің жүргізушісі батысқа қарай келе жатып, арақашықтықты сақтамай аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ маркалы автобуспен соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам жарақат алды.

Жол апатының себебін Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды.

Бұған дейін Алматыда Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында екі автобус соқтығысып, бір жолаушы қаза тапқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

admin_altyalash

Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды

admin_altyalash

Доллар бағамы 500 теңгеден асты: Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

admin_altyalash