Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Автонесие: 18 секундта 761 адам кредит алуға өтінім берген

Бүгін 4 пайызбен автонесие  алуға өтінім қабылдау басталды. Бірақ платформа іске қосылған алғашқы минутта-ақ autonesie.kz сайтына 125 мың адам кіріп, өтінім берген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» хабарлады.

Платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде 761 адам өтінім берді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталды. Бір минутта сайтқа 125 мың адам кірді. Autonesie.kz өтінімдерді қабылдады. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды. «Өтініш беру» функциясы тоқтатылды.

Бұған дейін автонесие шарттары туралы жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

admin_altyalash

«Senat Open 2026» республикалық шахмат турнирі: жаңа өңірлер мен санаттар қосылуда

admin_altyalash

Алматыдағы Anhalt филиалында оқу үшін 150 грант

admin_altyalash