Бүгін 4 пайызбен автонесие алуға өтінім қабылдау басталды. Бірақ платформа іске қосылған алғашқы минутта-ақ autonesie.kz сайтына 125 мың адам кіріп, өтінім берген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» хабарлады.
Платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде 761 адам өтінім берді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталды. Бір минутта сайтқа 125 мың адам кірді. Autonesie.kz өтінімдерді қабылдады. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды. «Өтініш беру» функциясы тоқтатылды.
Бұған дейін автонесие шарттары туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.