Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мән беруі тиіс мәселелерді атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің стратегиялық бағдарды жүзеге асыра отырып, мән беруі тиіс мәселелерді атап көрсетті.

«Бірінші. Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру.

Екінші. Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті, агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек»,  – деді Президент Мәжілістің пленарлық отырысында.

Ұқсас жаңалықтар

Сенат төрағасы: Жастар «Елдіктің жеті тұғырын» ту етуі керек

admin_altyalash

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

admin_altyalash