Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Гүлмира Сатыбалды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Гүлмира Сатыбалды 28-баптың 3-бөлігінде және 125-баптың 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды», деді судья Кемеңгер Имашев.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде Мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.

Айта кетейік, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. Антикор «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.

Altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз — Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституция туралы

admin_altyalash

Жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

admin_altyalash

Елордамызда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті

admin_altyalash