Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

Елорда емханаларында Ашық есік күні өтеді

Астанада 4 және 5 мамыр күндері қалалық емханаларда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтеді.

ДДҰ мәліметі бойынша, бүкіл әлемде 339 миллионнан астам адам демікпемен ауырады. Демікпені толықтай емдеу мүмкін емес, бірақ ауруды бақылауда ұстап, қолайлы өмір сүруге болады.

Астана тұрғындары күні бойы денсаулықты кешенді зерттеу шеңберінде бронх демікпесінің өршу қаупі факторларын анықтай алады: антропометриялық деректерді өлшеу (бойы, салмағы, дене салмағының индексі), қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтау, қан қысымының деңгейі, тыныс алу жүйесінің қызметін бағалау (спирометрдің көмегімен) және т.б. қызметтер арқылы профилактикалық зерттеуден өтеді.

Шара 4 мамыр күні №4, 5, 6, 10 қалалық емханаларда, 5 мамыр күні №7, 8, 9, 13 қалалық емханаларда ұйымдастырылады.

Altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құраманың дайындығын күшейту қажет

admin_altyalash

Азия чемпионаты: Еркін күрестен Мейрамбек Қартбай жартылай финалға шықты

admin_altyalash

Тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды

admin_altyalash