Импортқа да, экспортқа да мүдделіміз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Импортқа да, экспортқа да мүдделіміз

05.05.2023
0
Импортқа да, экспортқа да мүдделіміз

Кеше ғана жаһанды уысында ұстаған коронавирус пандемиясы төрткүл дүние жоспарын түбегейлі өзгерістерге ұшыратқанын көрдік. Бұл індеттен әсіресе, туризм саласы мейлінше зардап шеккені даусыз. Ендігі жерде осынау орасан шығынның орнын толтыру үшін туризмді табыс көзіне айналдырып келген барлық елдер нақты әрекеттерге көшіп, жұмыстарын жандандырды. Жуырда Хунань провинциясының іскерлері мен Алматы кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды.

Екіжақты кездесу барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Нариман Ибрагимов: «Пандемиядан кейін экономи­каны жандандыру үшін әлем ел­дері осы салада түрлі тетік­тер­ді іске қосып жатыр. Біздің Үкі­ме­тіміз де туризм мен ауыл ша­руашылығын дамытуды көздей­ді. Сондықтан Қытаймен жос­пар­лы түрде визасыз режімді ен­гізу тиімді құралға айналады деп ойлаймын», деді.

Спикер  Сыртқы істер ми­нистр­лігі «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы ви­залық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жо­басын қоғамдық талқылауға ұсы­нылғанын, мамырда осы келісімге қол қойылатынын еске салды.

Тиісті мәмілеге сәйкес отандастарымыз Қытайда визасыз, ал Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады. Визасыз режімге туристік, жеке және іскерлік сапарлар үшін рұқсат етілмек.

«Біріншіден, визасыз режім туристер легінің артуына игі әсер етеді. Бұл бағытта Алматының тау туризмінен бастап, қаланың көрікті жерлеріне дейінгі әлеуе­ті зор. Қазірдің өзінде турис­тік ағынның артуы байқалады», деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

Мәселен, «DATA HUB» бі­рінші несиелік бюросының Telegram каналы Қазақстан қонақ­үйлері 2022 жылы рекордтық табысқа қол жеткізген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 73,8 млрд теңгеге артық. Салыстырмалы бағада (инфляцияға түзетілген) жылдық өсім 55,3% құрады деп жазады.

Оң жетістіктерге барлық көр­сет­кіштердің өсуі әсер етіп отыр.

Туристік қызмет көрсетілген келушілер саны 34%-ға (7,3 млн адамға дейін), бос қалмаған күн­дік төсек-орындар 28,1%-ға (11,5 млн төсек-күнге дейін), бір түннің орташа құны 20,5%-ға (11 мың теңгеге дейін) өскен.

Өз кезегінде Қытай деле­­га­­­­­­ция­­сының өкілі, Қытайдың Ху­нань өлкесі Сауда палатасының кіші комитеті төрағасының орынбасары Ю.Бинруи провинцияның экономикалық мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Біздің Хунань аймағы Қы­тай­дың оңтүстігінде, таулы ай­мақ­та орналасқан. Қытайдағы ең танымал туристік бағыттардың бірі. Хунань провинциясының өнеркәсібі де дамыған. Біздің экономикамыз түсті металлургия, темір, болат, электр энергиясын өндіру, машина жасау, көмір, химия, тоқыма мен тамақ өнеркәсібі, электроника­ға негізделген. Жер бедерінің ерек­шеліктеріне байланысты облыста ауыл шаруашылығы жақ­сы дамыған, негізінен күріш егеміз. Біз ынтымақтастыққа да, импортқа да, экспортқа да мүд­деліміз»,  деді Ю.Бинруи.

Қытай делегациясын Хунань провинциясындағы Қы­тай Сау­­­да палатасы кіші коми­те­ті­­нің вице-президенті Ю.Бин­руи, Хуан Луодаң, Хунань про­вин­циясындағы Қытай Сау­да палатасы кіші комитетінің ха­лық­аралық байланыстар депар­та­менті директорының орынбасары Ши Чэнин бастап келді. Делегация құрамында Хунань провинциясындағы Қытай Сауда палатасы кіші комитетінің Сауда және инвестицияларды ынталандыру департаментінің басшысы, Делегация құрамында экология және қоршаған ортаны қорғау, көлік және логистика, сондай-ақ инвестиция салаларының өкілдері болды.

Кездесу барысында тарап­тар өңірлер арасындағы ынты­мақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ алматылық кәсіпкерлермен B2B келіссөздері жүргізіліп, онда қытайлық серік­тестер тиімді экспорт мәселелері бойынша кеңес берді.

Altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдама алды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.