Қайраткермен қоштасу рәсімі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қайраткермен қоштасу рәсімі

12.06.2023
0
Қайраткермен қоштасу рәсімі

Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына жиналған зиялы қауым бедерлі жылдар белесінде ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетіне тоқталып, жақын-жуығына көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар аймақтың әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Жетпіс бір жасқа қараған шағында өмірден озған мемлекет қайраткерінің қазасын қалың жұрт қайғыра қабылдады. Қаралы жиынды ашқан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқыды.

«Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында ла­уазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-эко­номикалық, әлеуметтік-мәд­ени өркендеуіне және өңір­лерді дамытуға мол үлес қос­қан еді. Мемлекетіміздің сын­­дарлы саясатын зор білік­тілік­пен жүргізе білді. Қазақ­стан­ның беделі мен мәртебе­сінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқы­мыздың жүрегінде мәңгі сақ­талады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», делінген жеделхатта.

Қоштасу рәсімінде еліміз­дің іргелі бес аймағын бас­қа­рып, тәуелсіздіктің елең-алаң жылдарында жа­уапты міндеттер атқарған қай­раткердің айшықты еңбегі, азаматтық болмысы ұлықтал­ды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов: «Ағамыз еліміздің ең сезімтал құрылымдары мен аймақтарында аянбай еңбек етті. «Кризис менеджері» атанған тау тұлғаның әрбір жүйелі, нәтиже­лі жұмысының ар жағында бі­лім мен білік қана емес, үлкен жүрек жатты. Елдің өркендеп, өрістеуіне бар ғұмырын арна­ған ардақты азаматтың үлкенге құрметі, кішіге ізеті де ерекше еді. Адам ретінде де, мансап биігінде де бар білгені мен түйгенін кейінгі буынға үйретіп кетті», деді.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев елін сүй­ген мем­лекетшіл тұлға халқы­мыз­дың ынтымағы мен береке-бір­лігінің арта түсуіне көп еңбек сіңіргенін, басшылық жасаған салалардың заман талабына сай дамуына да тың серпін бергенін айтты.

«Мен Бердібек Машбекұлы­мен 25 жылдан астам уақыт ара­лығында таныс болдым. Ол кісі түрлі салада бар жігерімен жұмыс істеп, 45 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еліміздің өркендеуіне қомақты үлес қосты. Тәуелсіздікті ны­ғайту жолында қатардағы эко­номистен Премьер-ми­нистрдің орынбасарына дейінгі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Әрдайым жауапты қызметтің тұтқасын ұстап, қысылтаяң уақытта да жүктелген күрделі міндетті тиянақты орындап, елдің сенімінен шыға білді», деді қала әкімі.

– Бердібек шығыс пен батыста да, қар мен суықта да игі іс­тердің басында жүріп хал­қына қалтқысыз қызмет етті. Тек қана басшы болған жоқ, елдің арқа сүйер ағасы болды, үлкен құрмет пен сыйға бөленді. Шынын айтқанда, ол кісінің алға қойған жоспары әлі де көп еді. Оңтүстік Кореяға барар алдында Алматыға келгенде дидарласқан едік. Ол 70 жасын атап өткен жоқ. Сол жолы маған: «Биыл амандық болса күзде егін жиналып, халықтың көңілі орнына түскен кезде елге барып көптен көрмеген туыс-туған, дос-жаранның басын қосып той жасасам», деген еді. Онымен қоса ұзақ жылғы тәжірибесі мен білімін жастарға үйретіп, университетте сабақ беруді ойға алғанын айтқан болатын. Өзін өте сергек һәм қайратты сезінетін. Алланың ісіне шара бар ма? Рухы шат болғай», деп еске ал­ды мемлекет қайраткері Икрам Адырбеков.

Марқұммен ұзақ жылдар бірге қызмет еткен қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Бердібек Машбекұлының іскер­лік қырына ерекше тоқталды. «Бекең шын мәнінде өз ұлты­ның адал перзенті. Ұлт­тың дүниетанымы, табиғаты, қасиет-қалыбы оның бойынан үнемі көрініп тұратын. Тәуелсіздік жылдары ел ағаларымен мемлекет іргесін бірге қаласып, үлкен жауапты бетбұрыстардың басы-қасында өзі жүрді. Ұйымдастырушылық қабілеті, адамдармен тіл табысуы ерекше еді. Қазақта: «Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» дейтін мақал бар. Өзі басқарған әр өңірдің тыныс-тіршілігін терең­нен зерделеп, экономикалық дағ­дарыстан аймақтарды аман алып шығудың жан-жақты жолдарын алға ұстады. Өз ісіне адалдық таны­тып, елге аянбай қызмет еткен пер­зен­тін қазақ халқы еш уақыт­та естен шы­ға­р­майды деп есептеймін», деді ол.

Бердiбек Машбекұлы Сапар­баев 1953 жылы Қызыл­орда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді. Еңбек жолын 16 жасында «Задарьинский» кеңшарында қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1995-2022 жылдар аралығында еліміздің бес облысына әкім болған. Ол екі рет Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрі, екі рет Премьер-министрдің орынба­сары қызметін атқарды. Әр жыл­дары министрлер кабинеті ап­паратының жетекшісі, Кеден­дік бақылау агенттігі төр­ағасы, Қаржы министрінің орынбасары болған.

Марқұм Алматыдағы «Кең­сай-2» қорымына жерленді.

Арман ОКТЯБРЬ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ертіс өзенінде қытайлардың алтын өндіріп жатқаны рас па?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай облысындағы алапат өрт он төрт адамның өмірін жалмады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.