Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Біраз соттастық. Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты Үкіметке қайтарып берді», – деді әкім.

Еске салсақ, Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылып кеткен. Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай Мәжіліс отырысында мәлімдеді. Депутат Алматы облысының әкіміне мектепті тез арада мемлекетке қайтару керектігін айтып, екі ай уақыт берген еді.

Анель ЖАРЫЛҒАСЫН

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

admin_altyalash

Біздің ынтымақтастығымыз сенім мен өзара түсіністік рухында дамып келеді

admin_altyalash

Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар

admin_altyalash