Қытайда ХІХ Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды. Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 8 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азия ойындары 2022 жылы 10-25 қыркүйек аралығында өтуі керек болған. Алайда коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылған. Бұл жолы Азия ойындары Ханчоу қаласында өтеді.
Бұған дейін Қытай 1990 және 2010 жылдары Бейжің мен Гуанчжоу қалаларында Азия ойындарын ұйымдастырған.
Азия ойындары-2022 ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Азия ойындарында 40 спорт түрінен 45 мемлекеттен 12 мың спортшы қатысады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.