Қазақстанда елорда күні мың сәби дүниеге келді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Елімізде Астана күні мың сәби дүниеге келді. Оның 505-і – қыз және 495-і – ұл әрі 8 жұп егіз бар, – деп жазылған хабарламада.
- Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы көш басында. Онда бір тәулікте 146 сәби дүниеге келген.
- Екінші орында Алматы қаласы: 91 сәби.
- Үшінші орында Алматы облысы мен Шымкент қаласы тұр: 76 сәби.
Егіздер бойынша көшбасында Ақтөбе облысы: мұнда бір күнде 2 егіз сәби дүниеге келген.