Биыл коммуналдық тарифтер 30% қымбаттайды – Смайылов – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Биыл коммуналдық тарифтер 30% қымбаттайды – Смайылов

12.07.2023
0
Биыл коммуналдық тарифтер 30% қымбаттайды – Смайылов
Коллаж: Halyq Uni

Биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер 30% қымбаттайды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы алдымен тарифтердің өсуіне қандай факторлар әскер еткеніне тоқталды.

«Бүгінде біз тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы инфрақұрылымның жағдайы өте күрделі екенін көріп отырмыз. Оны жақында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында болған апаттан да анық байқадық. Апаттың салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстары жарықсыз қалды. Екі өңірдегі ірі өнеркәсіп орындары айтарлықтай зардап шекті. Олардың көпшілігі 2 тәуліктен артық жұмыс істемей тұрды. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тек үшінші тәулікте іске қосылды.

Өткен жылыту маусымы да шұғыл шешуді қажет ететін проблемалардың көп екенін көрсетті. Барлық инфрақұрылым объектісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауқымды инвестиция қажет. Себебі, олардың көпшілі өткен ғасырдың ортасынан бері жұмыс істеп келеді», – деді премьер-министр.

Премьердің айтуынша, қажет желілерді тиімді жаңғырту және күрделі жөндеу үшін тарифті инвестицияға айырбастау қағидаты ұсынылған.

Бұл тәсіл энергия ұйымдарының қолданыстағы активтерін қайта жаңғыртуға және кеңейтуге, энергия жүйесі жұмысының сенімділігін арттыруға және жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы биыл Қазақстанда тарифтер қымбаттайтынын ашық айтты.

Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі. Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес.

Тариф мәселесінде біз барлық жақтың мүддесі ескерілетіндей ортасын таба білуіміз керек. Яғни саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз қажет, – деді премьер-министр.

Смайыловтың айтуынша, стансалар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан аса уақыт табыссыз жұмыс істеген. Сондықтан жөндеу жұмыстарына қаржы салмаған.

Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды, ал энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті. Металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өсті.

Жалақының аздығына байланысты білікті мамандар энергетика саласынан кете бастады. Кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады, – деді Смайылов.

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы 2021 жылдан бастап пайда болды.

«Электр қуатын ұлғайтуға тиіспіз. Сондықтан, тарифтерді өсіру – қажеттілік. «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатын енгізетін болсақ, тарифті өсіруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпей, тікелей өндірісті жаңғыртуға жұмсалатынына сенімді боламыз.

Жаңа тариф саясаты ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделеді. Тиісті заңнамалық түзетулер, нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Бұрын біз инвестициялық бағдарламаларды және табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін түзете алмайтын едік. Енді оған мүмкіндік бар.

Тарифтердің өсуі аз қамтылған отбасылардың табысына әсер етпейді. Бұл мәселе жан-жақты пысықталды», – деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға    коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін көмек беріліп отыр.

«Ол коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-нан асып кеткен жағдайда төленеді.

Қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар коммуналдық секторда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірде-бір өңір жылыту маусымында апатқа жол бермеуге тиіс. Әсіресе, бұл құрылыс маусымы қысқа және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті. Жөндеу жұмыстары нақты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуге тиіс», – деді Смайылов.

Премьер-министр биыл шамамен 6 мың шақырым инженерлік желілер жөнделетінін атап өтті. Алдымен оған жаңартуды қажет ететін, әбден тозығы жеткен инфрақұрылым объектілері кіреді.

25 мың шақырымнан астам қараусыз жатқан коммуналдық желілер монополистерге беріледі. Олар осы желілерді ретке келтіруі керек. Өзгерістің бәрін азаматтар сезінуге тиіс», – деді премьер.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

19 жылға созылған қазақ-өзбек шекарасы шегенделді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда 8,3 мыңнан аса үндістандық студент оқиды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.