Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Министр сайлау науқанына мұғалімдерді тартуға қатысты жауап берді

фото: Ертай Сарбасов

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының мұғалімдердің сайлауға қатысуын шектеуге және оларды сайлау комиссияларының құрамына қоспауға қатысты сауалына жауап берді.

Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың не өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Бұл ретте сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Осылайша, педагогтердің сайлау комиссияларына қатысуы ерікті болып табылады, — делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Бүгінде мәжілісмендер көтерген мәселелер бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Министр оның бәрі Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Е.БОЛАТҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Гольф в городе: как клуб «Birdie» меняет формат отдыха в Алматы

admin_altyalash

Девиантное поведение-болезнь общества

admin_altyalash

55 видов услуг будут бесплатно оказывать алматинцам сервисные центры полиции

admin_altyalash