Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 7 орынға төмендеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 7 орынға төмендеді

14.08.2023
0
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 7 орынға төмендеді
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда экономикалық еркіндік рейтингінде 64,4 балл жинап, 64-орынға ие болды, деп хабарлады Finprom.kz.

Wall Street Journal газеті және Heritage Foundation жүргізетін жыл сайынғы зерттеуге сәйкес, экономикалық еркіндіктің жаһандық орташа индексі 2022 жылғы 60 балдан 2023 жылы 59,3 балға дейін төмендеді.

Қор сарапшылары экономикалық еркіндікті «азаматтарға қажет қорғау мен қолдауды қоспағанда, тауарлар мен қызметтерді өндіруге, таратуға және тұтынуға мемлекеттің араласуы немесе кедергі болмауы керек» деп анықтайды. Рейтингке 184 мемлекет қатысса, 8 ел бойынша дерек жоқ.

Балл неғұрлым көп болса, рейтинг соғұрлым жоғары. 100 балл – абсолютті еркін экономика, 0 балл – деспотиялық экономика.

  • Биыл рейтингте экономикасы еркін елдер тізімінде небәрі 4 мемлекет (80 балдан жоғары) болды: Сингапур (83,9 балл), Швейцария (83,8 балл), Ирландия (82 балл) және Тайвань, ҚХР (80,7 балл).
  • Сондай-ақ 2022 жылы бұл тізімге тағы 3 мемлекет – Жаңа Зеландия, Люксембург және Эстония енді. Биыл олар экономика еркіндігі басым елдер тізімінде (70-тен 79,9 баллға дейін).

ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Армения 65,1 балмен 50-орынға тұрақтады. Одан кейін Қазақстан 62,1 балмен 71-орында. Бір жыл бұрын Қазақстан 64,4 балмен 64-орында тұрған еді. Экономикасы орташа еркін елдер тізіміне Армения мен Қазақстан ғана кірді (60 балдан 69,9 балға дейін).

Түрікменстаннан басқа ЕАЭО және Орталық Азияның басқа елдері экономикасы еркін еместігі басым елдердің тізімінде (50 балдан 59,9 балға дейін): Өзбекстан (109 орын, 56,5 балл), Қырғызстан (115 орын, 55,8 балл), Ресей (125 орын, 53,8 балл), Беларусь (145 орын, 51 балл) және Тәжікстан (146 орын, 50,6 балл). Түрікменстан экономикасы деспотиялық (0 балдан 49,9 балға дейін) елдер тізіміне еніп, 46,5 балл индексімен 161-орынға тұрақтады.

Соңғы 176-шы орында, индексі небәрі 2,9 балл болатын Солтүстік Корея тұр.

Сондай-ақ ең нашар елдер тізімінде Куба (24,3 балл), Венесуэла (25,8 балл) және Судан (32,8 балл) бар.

2022 жылмен салыстырғанда Зимбабве (5,9 балға өсті), Доминикан Республикасы (5,3 балға өсті), Эсватини мен Лесото (3,5 балға өсті) экономикалық еркіндік индексі рейтингінде ең үлкен жақсаруды көрсетті.

Сонымен қатар экономикалық еркіндік индексінің айтарлықтай төмендеуі Багам аралдарында (бірден 6,1 балға азайған), одан кейін Кубада (5,2 балға азайған) және Руандада (4,9 балға азайған) байқалды.

Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда индексте 2,3 балл жоғалтты, Ресей де сонша балл жоғалтқан.

Беларусь (2 балл азайған) пен Армения (0,2 балл азайтқан) да экономикалық еркіндік индексі нашарлаған. Бұл ретте Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан индекстері тиісінше 0,9 балға, 0,8 балға және 0,3 балға жақсарды. Қырғызстанның экономикалық еркіндік индексі өзгеріссіз қалды.

Экономикалық еркіндік индексі 12 компонент бойынша өлшенеді. Оның ішіне меншік құқығы, құқықтық жүйенің тиімділігі, сыбайлас жемқорлықтан азат болу, салық бостандығы, мемлекеттік шығындар, үкіметтен бостандық, бизнес еркіндігі, еңбек бостандығы, ақша еркіндігі, сауда еркіндігі, инвестиция еркіндігі, және қаржылық еркіндік кіреді.

Әрбір параметр бойынша 0 балдан 100 балға дейін бағаланады және олардың орташа арифметикалық мәні нәтижесінде экономикалық еркіндік индексі беріледі.

Қазақстанның салық бостандығы (93 балл) және мемлекеттік шығындар (85 балл) санаттары жоғары болса, құқықтық жүйенің тиімділігі (34 балл) және сыбайлас жемқорлықтан азат болу (37 балл) санаты төмен.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

LRT жобасы: тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.