Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

ШҚО-да аюды атқан браконьер ұсталды

Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында аюды атқан браконьер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген.

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі. Кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – делінген полиция хабарламасында.

Осы факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

admin_altyalash

Халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды

admin_altyalash

Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

admin_altyalash