Фото: orda.kz
Елімізде олардың етін сататын 7 комбинат анықталған
Киіктерге (ату ережесіне, – автор) қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді. Жақында ет комбинаты (киіктердің етін) сатады деген шешім қабылданды. Бұл жұмысқа «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны да жауап береді. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз, – деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.
Алайда министр киіктердің еті нақты қайда сатылатынын айта алмады.
«Біз 7 ет комбинатын айқындадық. Онда ветеринарлар бар. Олар (өнімнің) сапасы мен ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді. Киіктердің етін қайда сатамыз? Біз мониторинг жүргіземіз, қосымша ақпарат береміз», – деді ведомство басшысы.