Елорданың Сарыарқа ауданында қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Акция барысында өтіп бара жатқан адамдарға есірткі заттарын қолданудың зиянды әсері туралы ескертетін ақпараттық буклеттер таратылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Акцияны «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың, оның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың санын азайту үшін алдын алу шаралары.
Қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының және аудандық прокуратураның қызметкерлері «Нирвана» түнгі клубында, «Стамбул»» және «Жаркыл» кафелерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
NEET «Астана жастары «Жастар ресурстық орталығы» санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әлфараби Нұркенұлы акция «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы аясында өтіп жатқанын және жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
«Мұндай акциялар үнемі өткізіліп тұрады және биыл біз 15-ке жуық іс-шара ұйымдастырдық. Мұнда қабырғаларды бояу бойынша акциялар өткізілді, университеттер, мектептер мен колледждер базасында түсіндіру жұмысы жүргізілді. 20-дан астам тренинг білім беру мекемелерінде кәсіби психологтардың, сондай-ақ қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Келесі жылы барлық атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тартылатын жұмыс тобын құру жоспарланып отыр. Оның қызметі аясында нақты жұмыс көзделеді, нәтижесінде кемінде 300 мың жас қамтылады», – деді ол.