Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр – Балаева – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 22, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр – Балаева

26.12.2023
0
Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр – Балаева
фото: ortcom.kz

Журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып, әзірленген «баспасөз картасы» ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баспасөз конференциясын өткізді. Министр ведомствоның 2023 жылы іске асырған жобалары мен міндеттері туралы баяндады, деп хабарлады turkystan.kz.

Аида Балаева министрліктің ақпараттық жұмысы үш негізгі бөліктен тұратынын атап өтті. Олар: медиасфераны дамыту бойынша жағдай жасау, халықты мемлекеттік саясатты іске асыру туралы хабардар ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен сөз бостандығын одан әрі қамтамасыз етуге, отандық медиасфераның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ақпараттық егемендікті нығайтуға бағытталған «Ақпараттық доктрина» бекітілді. Ал, тамыз айында Үкіметтің Қаулысымен оны іске асыруға бағытталған іс жоспары қабылданды. Доктринадан туындайтын аса маңызды заң жобаларының бірі Министрлік бастамасымен жүзеге асқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы болды. 30 қарашада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті. Онда заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырыстары аясында талқылау жұмыстары жалғасуда», – деді министр.

Спикердің айтуынша, журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып, әзірленген «баспасөз картасы» ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады. Жұмыс өтілі, жоғары білімі керек деген деген критерийлер жалпы жұмыс топтарының талқылау қорытындысы бойынша алынып тасталды. Алайда аккредиттеуді жеңілдету жолдары қалай жүзеге асатынын айту ерте. Олар алдағы уақытта айқындалады. Жалпы, депутаттар заң жобасы бойынша 114 түзету енгізді. Барлық ұсыныс Үкімет пен мүдделі органдарда келісілгенде, Мәжіліске жіберіледі.

Сонымен қатар Аида Балева онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға тоқталып кетті. Заң жобасы аясындағы басты мәселердің бірі – мемлекеттік тілдегі онлайн-платформалар интерфейсін дамыту.

«Жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән берілді. Бұл ережелер барлық қажетті талдаудан өтті. 2024 -жылы ақпанның соңына дейін қабылданады. Олар коммерциялық негізде материалдарды жариялайтын онлайн-платформа пайдаланушыларына әсер ететін болады. Сонымен қатар пайдаланушылар мен инфлюенсерлерге қатысты жалған ақпарат таратқан кезде оларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Олар: 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке  дейін айыппұл және бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу. Бұл норма қазірдің өзінде жұмыс істей бастады», –деді министр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Павлодар облысында 50-ден астам адамды сан соқтырған әйел ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Баспасөз картасы ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралады – Аида Балаева

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.