Асханада асылып тұрған жерінен табылған: Арстан Алайға қатысты жаңа дерек шықты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Асханада асылып тұрған жерінен табылған: Арстан Алайға қатысты жаңа дерек шықты

05.01.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Қырғызстанның ҰҚМК

«Қыс болмайды» сөзі арқылы танылған Арстан Алай өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Қырғызстанның құзырлы орган өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

«Арстанбек Әбділдаев (Арстан Алай – еск) өз-өзіне қол жұмсады», – деп жазылған жазаны өтеу қызметі мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 05.15 шамасында жазаны өтеу қызметінің №31 арнайы емдеу-түзеу мекемесінің асханасында айыпталушы Арстанбек Бейшеналиұлы Әбділдаев асылған күйінде табылған.

Сонымен қатар, Октябрь аудандық соты Арстанбек Әбділдаевқа қатысты 2023 жылғы 16 желтоқсаннан 2024 жылғы 15 қаңтарға дейін Бішкектің уақытша ұстау изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Бірақ 2023 жылғы 28 желтоқсанда психиатрдың ұсынысы бойынша айыпталушы №31 колонияға «нақтыланбаған психиатриялық бұзылыс, галлюцинация» диагнозымен ауыстырылған.

«29 желтоқсанда №31 колонияға келгеннен кейін Арстанбек Әбділдаев дәрігерлерге мезгіл-мезгіл жүрек уруы, бас ауруы, құлақтың шуылы, асқазанның ауруы (тамақ ішкеннен кейін) секілді шағымдарымен жүгінді. Тексеріс қорытындысы бойынша алдын ала диагноз жасалды: нақтыланбаған психотикалық бұзылыс, жүрек ауруы, өте қауіпті гипертония. Диагнозды нақтылау үшін кардиолог, гастроэнтеролог және психиатр дәрігерлер комиссиялық тексеріс жүргізу қажет екені туралы шешім қабылданды. 5 қаңтарда сағат 4.52 шамасында Арстанбек Әбділдаев колонияның асхана бөлімшесіне кіріп, 5.15-те асылған күйінде табылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, мәйітті тексерген кезде дене жарақаты табылмаған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, Арстан Алай былтыр желтоқсанда ұсталғаны белгілі болды. Оның үстінен Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы «Діни араздықты қоздыру (алауыздық)» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қамауға алуға және қылмыстық іс қозғауға Алайдың әлеуметтік желілерде, кітаптарында «діни және дінаралық араздықты қоздыруға үндеу жариялағаны, діндарлығы негізінде азаматтардың жеке басын насихаттайтыны» туралы ақпарат негіз болған. Кейін оның қамауда қалғаны айтылды.

Арстан Алай 2011 жылдың аяғында «Қыс болмайды» деп айтқан кезде танымал болды.

«Күлесіңдер, бірақ кейін бәрі расталады. Қыс болмайды, Батыста су тасқыны болады. Көресіңдер, сосын күлесіңдер», – деген еді ол баспасөз мәслихатында.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкіметте экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны сенімді жеңісімен құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.