Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиПолитика

Тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.

фото:Parlam.kz

Ертең, 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылдың 19 қаңтары сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкімде.

Парламент палаталарының бірлескен отырысын, палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, Мәжiлiс төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс төрағасы Парламенттiң бірлескен отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.

Парламент палаталарының бiрлескен отырыстары кезiнде Парламент пен оның палаталары жұмыс органдарының отырыстары өткiзiлмейдi.

Парламенттің отырысы оған әр палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықты болады.

Ұқсас жаңалықтар

Осторожно, комары! Как не заразиться малярией на отдыхе

admin_altyalash

DOSCAR GROUP стал официальным партнером бренда Li Auto в Казахстане

admin_altyalash

Итоги Генеральной Ассамблеи FEI: Казахстан утверждён страной проведения международных соревнований в 2026 году

admin_altyalash