Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеНовости

Ажар Ғиният: Ағзамды донор ретінде беруге келісемін

Фото: ашық дереккөзден

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өлімнен кейінгі ағза донорлығы туралы пікір білдірді.

Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген министр А.Ғиният қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісетінін айтты

«Жеке сіз өлімнен кейінгі ағза донорлығына келісесіз бе?» — деген сұраққа «Келісемін» деп жауап берді.

Сондай-ақ, ол осы мәселе туралы арнайы регистрде 40 мыңнан астам адам пікір білдіргенін айтты.

«Адам өмірін сақтау үшін кейбір қайтыс болған адамдар немесе олардың туыстары өз ағзаларын қиын жағдайда жүрген, созылмалы аурулары бар, жүрегін, бүйрегін алмастыруды қажет ететін адамдарға ағзасын бере алады. Заң жүзінде оған қажетті барлық нормалар бар. Сонымен қатар министрлік жанындағы мекемеде жасалған электронды регистр бар. Біздің әрбір кәмелетке толған азамат сол регистрде өз ағзасын өлгеннен кейін басқа мұқтаж адамға беру мәселесі бойынша пайымын жазып кете алады. Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам ел азаматы осы регистрде ойын білдіріпті. Соның 15 пайызы қайтыс болғаннан кейін өз ағзасын басқа азаматтардың өмірін сақтау үшін беруге келісетінін айтқан.

«Бұл мәселе қоғамның кешенді талқылауы арқылы реттелу керек. Министрлік бұл бағытта ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді Ажар Ғиният.

Ұқсас жаңалықтар

Главной транспортной прокуратурой проведено заседание Координационного совета по профилактике правонарушений на объектах транспорта

admin_altyalash

21 мая — День работников культуры и искусства

admin_altyalash

БЮДЖЕТ, ПОТРАЧЕННЫЙ НА БРОДЯЧИХ ЖИВОТНЫХ!

admin_altyalash