44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына қысқа мерзімді кездесуге барған. Тексеру тобы қызметкерлері азық-түлік өнімдерін тексеру барысында торттың ішінен телефон, нанның ішінен қуаттағыш құрылғы мен құлаққапты тапқан.
– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды, – деп түсіндірді тексеру тобының аға жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.