Айболат Дәлелхан: Визасыз режим Қытайдағы қандастарымыз үшін қолайлы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі

Айболат Дәлелхан: Визасыз режим Қытайдағы қандастарымыз үшін қолайлы

Бүгінде аталмыш тақырыптың қазақ қоғамы үшін маңызы ересен. Әсіресе, бұл термин көршілес мемлекеттерге қатысты айтылғанда, негізгі мәнін аша түседі. Қазақ ұлтының таным-түсінігінде де «итің жақсы болса – ырысың, көршің жақсы болса – тынысың» деп бекер айтпаған. Мұны қазіргі әлемдегі болып жатқан түрлі жағдай, қауіп пен қатердің өзі-ақ дәлелдеп отыр. Ендеше, бүгінгі сұхбатымызда территориялық тұрғыдан біздің ең жақын көршіміздің бірі Қытай Халық Республикасы жайлы, жақында ғана ашылған екіжақты виза мен қазақ-қытай қатынасы жайлы сөз қозғамақпыз. Спикеріміз – сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бойынша сарапшы, PhD, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры Айболат Дәлелхан.

– Айболат мырза, әңгімеміздің әлқиссасын мынадан бастайықшы. Жалпы, қытайтануға қалай келдіңіз? Салаға деген қызығушылығыңыз неден басталды?

– Қытайды тануға мектеп кезінен қызықтым демей-ақ қояйын, негізінен студент атанып, жоғары білім алып жүрген шақта ден қоя бастадым. Оның басты себебі – «Халықаралық қатынастар» мамандығында оқығаным. Білім бағдарламасының талабы бойынша болашақ маман екі шет тілін оқу қажет. Міндетті тілдің бірі ағылшын тілі болса, екінші тіл ретінде шығыс тілдері арасынан қытай тілін таңдадым. Өйткені қытай иероглифтерін жазу ұнайтын. Қытай каллиграфиясы деген де әдемі бір өнер ғой. Осылайша,қытай тілі арқылы Қытайдың тарихымен, мәдениетімен танысу басталды. Оған дейін, яғни бала кезімізде Қытай туралы тек үлкендердің әңгімесінен еміс-еміс естігеніміз ғана бар-тын.

«ХХІ ғасыр – қытай ғасыры»

– Үлкендердің әңгімесі қандай мазмұнда еді?

– «Ақырзаман болғанда қара қытай қаптайды», «қара шақай тартып жүретін аш-жалаңаш қытай», «апиын тартқан қытай» деген секілді әңгімелерді еститінбіз. Негізінен қытайлар жайлы жағымсыз мазмұндағы ғана ақпараттар болатын. Ал университетке келіп, Қытай жайлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын оқи бастаған кезде, әлемдік саяси-экономикалық сарапшылардың «ХХІ 500 Internal Server Error

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request.

Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error.

More information about this error may be available in the server error log.


Web Server at altyalash.kz