Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматы облысында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр

фото: Алматы облысының полиция департаменті

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жоғалған 3 жасар қызды іздеу жұмыстары бір айдан бері жүргізіліп жатыр.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, баланы іздестіру кезінде ауылға жақын маңдағы су қоймасынан су ағызылған. Бірақ  ол жерден балаусаның ізі табылмаған.

Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін азайтылған. Облыстық полиция департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы жақын маңдағы Күш ауылына жақын Ақши, Қырбалтабай мен Балтабай ауылдарының тұрғындарын да сұрастырып көрген.

Бұған дейін баланың 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданының Күш ауылында жоғалып кеткені туралы хабар шыққан. Сол күні полицияға қыздың анасы хабарласқан. Қазір ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды облысының ЖРО мамандары оқушыларға экодәріс өткізді

admin_altyalash

«Мөлдір бұлақ» атты кең көлемді экологиялық бастама қолға алынды

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

admin_altyalash