«Отбасында да бұйырып сөйлейді». Запастағы офицерлер әлеуметке неге бейімделе алмайды? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Отбасында да бұйырып сөйлейді». Запастағы офицерлер әлеуметке неге бейімделе алмайды?

02.05.2024
0
«Отбасында да бұйырып сөйлейді». Запастағы офицерлер әлеуметке неге бейімделе алмайды?
photo © Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Әскери адамдар қызметінен кетіп, азаматтық қоғамға араласқанда команда ретінде өзара жұмыс істей алады. Бірақ айналасымен дұрыс тіл табыса алмай, бұйырып сөйлеп, қарым-қатынас орнатуда қиындыққа тап болады. Олар әбден бұйрық беріп және бұйрықты бұлжытпай орындап дағдыланған. Сол әдетті жеке өмірінде де қолданады: үйінде әйеліне, бала-шағасына бұйырып сөйлейді.

Астанада жаңадан құрылған neSPI (Әскерден кейінгі интеграция қызметі) ұйымының форумына қатысқан мамандар арнайы тренинг, семинарлар ұйымдастыру арқылы бұйырып сөйлеу «әдетін» реттеуге болатынын жеткізді.

Трансформациялық және мотивациялық жаттықтырушы Қанат Ғалиакбаровтың айтуынша, зейнетке шыққан әскери қызметкерлер өмір бойы бір жүйемен өмір сүрген. Енді сол жүйеден шығып, әлеуметке араласқанда адасуы мүмкін.

Жеке және топқа арнап тренингтер өткіземін. Жеке коуч сессиялары болады. Сонда олар іштей қандай кедергілерге тап болып жүргенін айтады. Кейбірі жұмыс таппайды. Себебі, 25 жыл әскер сапында жүрген, одан басқа ештеңе көрмеген. Бірақ ол 25 жыл бойы құр жүрген жоқ, үйренген дүниелері болады. Ал біз сол үйренген дүниесін азаматтық өмірде қалай қолдануға болатынын көрсетеміз, – дейді Қанат Ғалиакбаров.

Коучтың сөзінше, арнайы ережемен жүріп, бұйрықты бұлжытпай орындауға дағдыланған. Егер олардың «мен өзгерем» деген мақсаты болса, санасын өзгерту қиын емес. Бастысы ниеті мен мақсаты болуы керек.

«Бір ерекшелігі, олар команда ретінде жұмыс істей алады. Бірақ тіл табыса алмайды, қарым-қатынасы нашар болады. Мысалы, әскерде бірге жүргенде бір-бірін таниды, жақсы түсініседі. Бұйрық түссе болды, ол орындалуы керек. Ал еркін қоғамда олар азаматтардың тілін таба алмай қалады. «Істе» деп бұйырып айтады. Ал оны қарапайым адам қабылдай алмайды. Сол нәрсе жеке өмірінде де қайталанады. Үйінде әйеліне, бала-шағасына бұйырып сөйлейді. Олар да түсінбейді. Сосын «мені түсінбейсіңдер» деп бұлқан-талқан болады. Ал тренингтен өткен кезде бар мәселе өзінен екенін түсінеді. Өйткені, жұрттың бәрі әскери қызметкер емес, бәрі бірдей бұйрықпен жүрмейді. Үшкүндік тренингтен өткендердің 90%-ы ойын да, өмірін де өзгерткен», – дейді маман.

Қанат Ғалиакбаровтың зейнетке шыққан бұрынғы әскери қызметкерлерді әлеуметке бейімдеуге кіріскеніне 2 жылдан асқан. Осы аралықта жүзден аса мастер-класс өткізіп, 9 қалада мыңнан аса адамды қамтыған.

Қарулы күштер қатарында 30 жылдан аса еңбек еткен запастағы полковник Рахат Карсембаев та әскери қызметінен босаған соң азаматтық қоғамға әлі күнге бейімделе алмай жүргенін айтты. Рахат Карсембаев былтыр ғана Арнайы операциялар күштері қолбасшысы – штаб бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

«Ол кезде мақсатым мүлде басқа еді. Бас штаб академиясына рапорт жазып жүрген, тамаша қызмет жолын құрған офицер едім. Бас штабқа оқуға түсіп, әрі қарай осы қызметте қолбасшы болсам, генерал атансам деп армандайтынмын. Бірақ оған түсе алмадым. Оның үстіне, байқасам, қолайлы орта жасап алған екем. Әскер маған бәрін берді. Карьера жасадым, офицермін, қызметімді игердім, пәтерім бар, әлеуметтік пакет, медициналық тұрғыдан қамтамасыз етілдім. Сосын «әрі қарай не болмақ?» деген ой мазалай бастады. Сөйтіп, отбасыма мойын бұру керек деген шешім қабылдадым», – дейді ол.

Қызметінен кетерде Рахат Карсембаевқа 3 түрлі ұсыныс түскен. Қауіпсіздік қызметі, күзет және бірі логистикалық компания. Бірақ ол күзетші, таксист, қауіпсіздік қызметі деген стереотиптің үшеуін де сызып тастаған. Сөйтіп, әскери саладағы адам үшін таңсық логистика саласына кіріскен.

Запастағы полковник Марат Жантеміров те бір кездері азаматтық қоғамға араласып, компанияда табысты жұмыс істеп, бүгінде ардагерлер ұйымын басқарып отыр. Оның сөзінше, офицер – кез келген жұмысты ұйымдастыра алатын жандар.

Бұрын офицерлерді адам жанының инженері дейтін. Өйткені, біз үнемі жеке құраммен жұмыс істейміз. Менің ойымша, азаматтық қоғамда басшыларға осы қасиеттер жетіспей жатады, – дейді ол.

Запастағы полковник әскери мамандықтың көп екенін әрі оларды азаматтық қоғамда жиі қолдануға болатынын айтады. Мәселен, Қорғаныс министрлігінде заңгер болып істеген адам еркін қоғамда зейнеткерлердің де, әскерилердің де құқығын қорғай алады. Әскери адамдар халықаралық қатынаста да жұмыс істей алады, дала жұмысына да бейім келеді.

Әскери саладан кеткен бойда күзет не саудаға кірісіп кететін себебі, олар өмір бойы бюджеттен жалақы алып үйренген. Бір ай дала кезіп әскери жаттығуда жүрсең де, немесе кабинетте отырсаң де жалақы аласың. Ал бизнесте олай емес, ақша табу оңай емес. Оның өз ерекшеліктері бар. Мен өзім куә болған жағдайды айтып отырмын, – дейді ол.

Жаңадан құрылған neSPI (Әскерден кейінгі интеграция қызметі) ұйымының негізін қалаушы Рүстем Жантеновтің айтуынша, қызметтен кейін офицерлердің тек 10 пайызы ғана азаматтық қоғамда өз орнын тауып, қалыпты тіршілігін жалғастырып кетеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық деңгейі 795 сантиметрге жетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

3 айда бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірді: Қаржы министрі Президентке есеп берді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.