11 мамырда Алматыда Ұлттық спорт қауымдастығының Бәйге федерациясы бәйгеден Қазақстан чемпионатының 3-ші іріктеу кезеңін өткізеді,
Қазақстанның үздік шабандоздары Алматы қаласының ипподромында күзде өтетін Қазақстан чемпионатының финалындағы орындар мен жүлделер үшін сайысқа түседі.
Жарыс бәйгенің 4 түрі: Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге және Жорға жарыс бойынша өтеді. Жалпы жүлде қоры – 23 млн 500 мың теңге.
Сонымен қатар, чемпионаттың іріктеу кезеңі аясында жүлде қоры 1 млн 500 мың теңге болатын қыз-келіншектер арасындағы «Ұлттық сезім» ұлттық киім байқауы өтеді. Сондай-ақ, чемпионат кезінде көрермендер үшін жалпы жүлде қоры 3 млн теңге болатын жүлделер ұтыс ойыны өтеді.
Бәйгеден ҚР Чемпионатының 3-ші іріктеу кезеңі Бәйге федерациясының, Ұлттық спорт қауымдастығының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Еске сала кетсек, Республикалық бәйге федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату, «JORYQ» ат спорты және тағы басқа федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.
Мерзімі: 11 мамыр 2024 жыл
Уақыты: сағат 12:00-де.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Ілияс Омаров көшесі, 10А.