Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Ақмола облысында алаяқ зейнеткерлердің 9 млн теңгесін қолды қылған

Фото: polisia.kz

Ақмола облысында зейнеткерлердің сеніміне кіріп, 9 млн теңгесін алдап алған алаяқ қолға түсті,

Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығында тұратын қарт ерлі-зайыптылар жүгінді. Зейнеткерлер 9 млн теңгеден астам қаражатты алып қойған әйелдің құрбаны болғанын айтқан.

Алаяқ 2022-2024 жылдар аралығында әртүрлі сылтаулармен ерлі-зайыптылардан өз қажеттіліктеріне ақша алып келген. Күдікті ретінде 32 жастағы жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын анықталды.

Алаяққа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді, – делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Алматылық жөспірімдер түнгі клубта жанжал шығарды

admin_altyalash

Қазақстан мен Эстония ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

admin_altyalash

Президент Ашхабад қаласына барды

admin_altyalash