Бүгіннен бастап Қазақстанда вейпке тыйым салынды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгіннен бастап Қазақстанда вейпке тыйым салынды

20.06.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

вейп
Фото: Pexels

 — Бүгіннен бастап Қазақстанда вейп, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтық әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды. Айта кету керек, бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. Тыйымның негізгі себебі — өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10% тұрақты түрде вейп тартады.

Қазақстан балалар қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, алматылық 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастардың 80,5 пайызы, астаналық осындай жасөспірімдердің 83,3 пайызы апта сайын вейп сатып алады. Бұл аталған жаман әдеттің жастар арасында өте танымал екенін көрсетеді.

Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуіне сенсек, әрбір төртінші қазақстандық электронды темекі, вейп пен синтетикалық есірткі қолданудың артқанына алаңдайды. Талдау бұл мәселеге қатысты алаңдаушылықтың артқанын көрсетті: 2023 жылы қарашада 15,6%-дан 2024 жылғы мамырда 23,7%-ға дейін өскен.

Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр.

Әлемде мынадай тенденция байқалады:

— Вейп шегетін жасөспірімдер саны артты. 2017 жылдан 2022 жылға дейін Канада мен Англияда электронды темекі тұтынатын 16-19 жас аралығындағы жастардың саны сәйкесінше 2 және 3 есе өскен. АҚШ-та 2011-2019 жылдар аралығында орта және жоғары сынып оқушылары арасында электронды темекі шегу 17-18 есе артты. 

— Электронды темекі жастар арасында дәстүрлі темекіге қарағанда кең тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15 жасар әрбір үшінші жас (32%) электронды темекіні қолданып көрген, ал әрбір төртіншісі (25%) кәдімгі темекіні тартып көрген.

Жасөспірімдер арасында вейп қолданудың танымалдығының артуына байланысты көптеген елдер электронды темекіге тыйым салды:

  • Таяу Шығыс (Бахрейн, Ирак, Иран, Иордания, Катар, Ливан, Оман, Сирия, Түркия) — электронды темекінің кез келген түрін әкелуге және сатуға тыйым салған. 
  • Еуропа — қыздырылған темекі өнімдерінде хош иістендіргіш пайдалануға тыйым салды.
  • Аустралия — құрамында никотин бар электронды темекіні заңды түрде қолдану үшін дәрігердің рецепті қажет.
  • Бразилия — электронды темекі шегу құралдарын өндіруге, импорттауға, өткізуге, таратуға, сақтауға, тасымалдауға және жарнамалауға тыйым салынған.
  • Үндістан — электронды темекі өндіруге, импорттауға, тасымалдауға, сатуға және таратуға тыйым салынды.
  • Қырғызстан — шегілмейтін темекі және құрамында никотин бар шегілмейтін темекі өнімдерді өндіруге, әкелуге, айналымына тыйым салынған.
  • Сингапур — темекі шегуді имитациялайтын кез келген құрылғыны әкелуге, сатуға, таратуға, сатып алуға, сақтауға және пайдалануға тыйым салынған. 
  • Түркіменстан — электронды темекі сатуға тыйым бар.
  • Украина — темекі және электронды сұйықтықты сатуға, өндіруге және импорттауға тыйым салынған.

Осылайша Қазақстандағы тыйым халықтың денсаулығы мен әсіресе жастарды қорғау мүддесі үшін электронды темекіні реттеудің жаһандық үрдісін көрсетеді.

Еске сала кетейік, таяуда Мемлекет басшысы вейпке тыйым салатын заңға қол қойған еді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сенат Қытайға автомобиль жүк тасымалын дамытуға арналған құжатты мақұлдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.