Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Махтумкули Фрагидің шығармашылық мұрасы Орталық Азиядағы барлық халықтардың мәдени мұрасы екеніне тоқталды және әлемдік әдебиет тарихына жазылғанын атап өтті. Депутат сонымен қатар Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастық достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойғы тарихи байланыстарға негізделгенін жеткізді.
«Қазақстан мен Түрікменстан ғасырлар бойы рухани тамыры бір ортақ тарихпен, достық және тату көршіліктің ізгі дәстүрімен, өзара ынтымақпен тығыз байланысып келеді. Бүгінгі таңда екі елдің Парламенттері, Үкіметтері мен мемлекеттік органдары арасындағы өзара белсенді іс-қимылды екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етуде. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар өзара іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі екені даусыз, ал қазақ және түрікмен диаспоралары байланыстырушы буын болып қала береді», – деді Нұртөре Жүсіп.
Шараға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Иран депутаттары да қатысты.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.