ШЫҰ аясында Үндістан және Қытаймен білім алмасу маңызды – Олжас Бейсенбаев – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

ШЫҰ аясында Үндістан және Қытаймен білім алмасу маңызды – Олжас Бейсенбаев

04.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Олжас Бейсенбаев
Фото: Есімжан Нақтыбай

 – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылған 2001 жылдан бері оған мүше елдердің жиынтық жалпы ішкі өнімі 13 есе өскен. Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, қытайтанушы Олжас Бейсенбаев осылай деді.

Сарапшы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер цифрлық трансформация мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет деп есептейді.

«Биыл маусым айында ШЫҰ қалаларды жоспарлау, жобалау, салу және басқару тәсілін өзгертетін Қалалық ақпаратты модельдеу альянсын (CIM) құрды. Онда Қытайдың 11 институты, соның ішінде Қытайдың құрылысты зерттеу академиясы мен Цинхуа университеті бірлесіп ШЫҰ мүшелеріне CIM технологиясын ұсынып отыр. Ұйым шеңберінде Smart қаланы дамыту туралы біраздан бері айтылып келеді. 2024 жылы мамырда ШЫҰ мүшелері арасында қаладағы өнеркәсіпті цифрландыру бағытындағы жаңа бір альянс құрылды. Альянстың бастапқы 83 мүшесіне China Mobile, Huawei сияқты деректер орталығы, Haier Cosmoplat сияқты заттар интернеті (IoT) қызметін көрсететін компаниялар кіріп отыр. Біздің тараптан ШЫҰ елдеріне спутник құрудан бастап, цифрлық платформаларды іске асыруға дейінгі бірлескен жобалар ұсынылып келеді. ШЫҰ елдері негізінде спутниктік топтар, ғарыштық суреттер төтенше жағдайларға, табиғи ресурстарға, антропогендік әсерге және басқа аспектілерге жедел ғарыш мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді», – дейді шығыстанушы.

Олжас Бейсенбаевтың пайымдауынша, ШЫҰ елдерінде цифрлық экономика сатылы түрде дамып келеді.

«2021 жылы ШЫҰ мүшелерінің жиынтық ЖІӨ шамамен 23,3 трлн долларға жетті, бұл әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 25 пайызын құрайды, бұл 2001 жылы құрылғаннан 13 есе көп. ШЫҰ мүшелерінің жалпы сыртқы саудасы 2021 жылғы жағдай бойынша 6,6 трлн долларды құрады, бұл 20 жыл бұрынғыдан 100 есе көп», – деді ол.

Сарапшы ШЫҰ-ға мүше елдер ақпараттық қауіпсіздік саласында бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, бір-бірін осы тұрғыда өзара қолдау бағытындағы уағдаластықтар орнату керек деп есептейді.

«Қазір кей сараптамаларда цифрлық егемендік туралы айтылып жүр. Былтыр киберқылмыстың кесірінен бүкіл әлем бойынша шамамен 3,5 миллиард доллар шығын келген екен. Біз кибер кеңістігімізді, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ойлануымыз керек. Бұл ШЫҰ елдері үшін киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан да маңызды етеді», – деді ғалым.

«ШЫҰ аясында дамытуды қажет ететін саланың бірі – білім және ғылым. Қазақстанда бірнеше қытайлық университеттің филиалдары ашылып, жатыр, мамандарды ғылыми тағылымдамаға жіберіп жатырмыз. Спутник технологиясы, робот технологиясы, суперкомпьютерлерді қолдану бағыттарында Қытайдың алда келе жатқан мемлекет екені даусыз. Үндістан да ІТ-технология бойынша көш бастап тұрған мемлекет. Сондықтан осы салаларда өзара білім бөлісуміз қажет. Мұның бәрі өз ішіміздегі цифрлық теңсіздікті азайтуға септігін тигізеді. Сондықтан ШЫҰ аясында осы жолы бекітілетін уағдаластықтарды пысықтаған кезде тікелей халықтың, әсіресе шекаралық аймақтағы тұрғындардың тіршілігіне оң әсер ететіндей жолдарын қарастыруымыз керек», – деді шығыстанушы.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.

Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ШЫҰ халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды – Тоқаев

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент кеңесшісі ШЫҰ саммиті туралы: барлығымыздың мақсатымыз – өркениет үндестігін нығайту

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.