Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Париж-2024: Елдос Сметов азулы қарсыласын жеңіп, финалға шықты

Фото: olympic.kz

 – Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов жартылай финалда испаниялық тәжірибелі татами шебері Франциско Гарригосты ұтып, Париж Олимпиадасының финалына шықты.

Енді отандасымыз Париж Олимпиадасының алтын жүлдесіне таласады.

Елдос жартылай финалда 29 жастағы Франциско Гарригос – 2023 жылғы әлем чемпионын таза ұтты.

Айта кетейік, Елдос бірінші белдесуінде нидерландылық Торнике Тсакадоеаны жеңсе, екінші айналымда украиналық Дилшод Халматовты Waza-Ari әдісімен таза жеңіп, ширек финалға шықты. Үшінші рет татамиде әлемдік рейтингіде бірінші тұрған Қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейден Waza-Ari ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға сүрінбей жетті.

Осылайша, Сметов қазақстандық спортшылар арасында Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыққан алғашқы спортшы атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарапшылардың пікірінше пропорционалды жүйенің енгізілуі партиялық дамуды күшейтеді

admin_altyalash

Игі бастамалар жалғасады

admin_altyalash

Иран Израильге қарсы соққы жасады

admin_altyalash