Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада биыл апатты үйлерден 4200 адам жаңа баспанаға көшіріледі

admin_altyalash

Депутаттар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселесін талқылады

admin_altyalash

Енді Өзбекстанға бару үшін қазақстандықтарға паспорт қажет болмауы мүмкін

admin_altyalash