Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Енді Өзбекстанға бару үшін қазақстандықтарға паспорт қажет болмауы мүмкін

Көршілес өзбек еліне баратын отандастарымыз үшін алдағы уақытта паспорт қажет болмауы мүмкін. Қазақстан мен Өзбекстан арасында азаматтардың жеке куәлігін өзара тану бойынша келіссөз жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі мәлімдеді.

«Орталық Азия елдері арасындағы шекара достық пен тату көршілік көпіріне айналды. Өткен жылдың қыркүйегінен бері тұрғындар жеке куәлікті көрсету арқылы өзбек-қырғыз шекарасын кесіп өте алады. Енді осындай ереже Қазақстанмен де талқыланып жатыр», –  деді ол.

Жуырда өткен Астана саммитінде Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев Орталық Азия елдеріне ұлттық жеке куәліктерді өзара тануды ұсынған болатын. Бұл көрші мемлекеттердің туризмді дамытуына оң септігін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жарылыстан қайтыс болғандар туралы ақпарат – жалған

admin_altyalash

«Миллиардтар текке кетті»: Аудиторлық палата денсаулық сақтау министрлігі жұмысын сынады

admin_altyalash

Кәсіпкер анасына 1 500 тал роза сыйлап, кейін мұны тойға жиылған әйелдерге таратып берді

admin_altyalash