Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

Халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

Жаңа стандартқа сәйкес жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды.

Сонымен бірге бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл госпитализацияға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған, ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

admin_altyalash

ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ХИРУРГТАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАДЫ

admin_altyalash

АЛАМАН БӘЙГЕНІ АЙҚАБАҚ ЖЕҢДІ

admin_altyalash